Линукс операциялы ж йесін орнату

Линукс операциялы? ж? йесін орнату

UNIX/Linux операциялық жүйесінің негізгі түсініктері.

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix. Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды. Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

Рахимгалиев Тимур Шынбулатович

4 Желтоқсан 2017

1259

1

docx

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз

Ватсапта бөлісу

Телеграммда бөлісу

Фейсбукта бөлісу

Сілтемені көшіру

Сізге пайдалы материалдар.

Сіздің материалыңыз дайындалуда!

Дайын болған соң sembiev_n@mail.ru
почтаңызға жіберіледі.

Уақытыңызды құр өткізбей, біздің

Источник

Лек3. лек3. 3Дріс ubuntu Linux операциялы жйесі жне оны пайдаланушылы интерфейсімен танысу

Единственный в мире Музей Смайликов

Самая яркая достопримечательность Крыма

Скачать 23.39 Kb.

Ubuntu Linux операциялық жүйесі және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу

Мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу.

Ubuntu — бұл Linux операциялық жүйесі дистрибутивтерінің бірі. GPL(GNU Public License) лицензиясының ешқандай шектеулерінсіз Ubuntu тегін таралады. Басқа өндірушілер өздерінің дистрибутивтарына әр түрлі шектеулер қоя бастады, ал кейбір бағдарламалар ақылы. GPL келістімі бойынша дистрибутивтерді тегін таратуға болады, компьютерге шексіз рет орнатуға, тіпті оны өз атынызбен шығаруыңызға болады! Тағы бір ерекшелігі: Linux-тың кейбір дистрибутивтарын интернеттен тегін алуға болады.

«Ubuntu» сөзі «басқалармен салыстырғанда қарапайым» деген мағынаны білдіреді. Дистрибутив операциялық жүйемен жұмыс жасауды үйренушілерге арналған. Графикалық интерфейсі қарапайым, бағдарламаларды орнату жеңіл, қолдануға ыңғайлы. Linux әр түрлі ажыратылған терминалдар хостымен жұмыс жасайтын қолданушыларға барлық жүйелік ресурстарды бере алады. Linux-ты кезкелген жергілікті торапта интегралдауға болады.

Читайте также:  Virtualbox shared folder to linux guest

Linux операциялық жүйесінің жүйелік жадысы 4Кбайт көлемді бет түрінде ұйымдастырылған. Егер операциялық жүйе толығымен толса, онда ол көптен бері қолданбаған жады беттерін іздейді. Егер бұл беттердің қайсыбіреуі керек болса, Linux дисктен оларды қайтадан қалпына келтіреді. Алғашында Linux Intel 386/486 негізіндегі дербес компьютерге арналған, қазір Pentium негізіндегі микропроцессорлармен жұмыс істеуге болады. Ubuntu-да бағдарламалар көп емес. Мынандай ережеге негізделген — бір тапсырма, бір ұсыныс. Бір мәтіндік процессор, бір видео ойнатқыш, дискіге жазуға арналған бір бағдарлама. Бұл өте ыңғайлы. Себебі, басқа жобалаушылар дистрибутивтерге көптеген бағдарламалар енгізуге тырысады, бұл прогаммалар жұмысын баяулатады. Яғни, саны бар, сапасы жоқ. «Linux» сөзінің нақты мағынасы «ядро» деген сөзді білдіреді. Linux операциялық жүйесі туралы нақтырақ айтқанда «Linux негізгі ядросындағы операциялық жүйе» деп айту керек. Linux операциялық жүйесінің ядросы Линус Торвальдс жетекшілігімен өңделеді, бағдарламалық қамсыздандыру саны, утилита және қолданбалы бағдарлама ретінде GPL лицензиясы негізінде тәуелсіз таралады. Linux үшін бағдарламалық қамсыздандырудың тәуелсіз таралуының салдары ретінде тәуелсіз програмистер тобы әр түрлі фирмалар мен компаниялар Linux дистрибутивтері деген атаумен өз өнімдерін таратты. Дистрибутив – операциялық жүйенің негізгі 4 құраушы ядро, файлдық жүйе, команда интерпретаторы және утилита және кейбір қолданбалы бағдарламалар кіретін бағдарламалық қамсыздандыру. Linux дистрибутивінің құрамына кіретін барлық программлар GPL шартына сәйкес таратылады. Бұдан дистрибутивті кім болса да шығара алады деген ой келуі мүмкін, дәлірек айтсақ, ерінбей тәуелсіз бағдарламалық қамсыздандыруды іздеп, тауып коллекция ретінде жинауға болады. Бұл қандай да бір деңгейде шын, бірақ дистрибутивті құраушы басқа операциялық жүйеде жоқ. Операциялық жүйе орнататын программның инсталляциясы жасалуы керек. Программист әр түрлі дестелерге қарсы келмейтін, өзара сәйкес келетін бағдарлама жазуы керек. Әлемде жүзден аса әр түрлі Linux дистрибутивтері бар, уақыт өткен сайын жаңа бағдарламалар шығып отырады.

Бізде /dev/hda2 бөлімінде Windows NT орнатылсын, яғни OS Loader компьютерде бар. Оны Linux-ті жүктеуге қолдануға болады. Барлық бағдарламалардың резервті көшірмелерін жасау керек. Осыдан кейін Linux-ты орнатуға көшуге болады. Орнату кезеңі төмендегідей ретпен жүзеге асады.

1.3.1 Linux операциялық жүйесін орнатпастан бұрын Windows NT-ны қайта қалпына келтіруге және жүктеу жүргізу дискеталарыңызды дайындаңыз. Жүктеу дискетасын жасау үшін форматталған дисктаға жүктеуші дискінің түбір каталогынан ntldr, ntdetect.com, boot.ini файлдарын көшіру жеткілікті. Windows 2000 үшін қалпына қалпына келтіртін дискета жасау бағдарламасын басқару панелінен жіберуге болады.

Читайте также:  Линукс свободное программное обеспечение

1.3.2 Portation Magic бағдарламасының көмегімен дискінің бір бөлігін босатып, бос кеңістікте ext2 және swap бөлімдер құрыңыз.

1.3.3 Сіздегі бар дистрибутивтен Linux-ты орнатуды сұрақтарға жауап бере отырып бастаңыз. Орнату үрдісі кезінде мына мәселелерді елеп кетіңіз: — операциялық жүйені орнату барысында операциялық жүктеу дискетасын құруды сұрағанда Yes, make a boot DISK командасын таңдап алыңыз. Диск келесі этаптарда керек болады. Бұл дискетаны Linux-ты жүктегенде қолданасыз. Dos-тағы жүктеу дискетасындағы сияқты мұнда дискетан дисководтан алуды сұрамайды. Бірақ бұл әдіс өте ыңғайлы емес, бұл әдісті тұрақты қолданудың керегі жоқ. Бұл қордағы вариант. Көп вариантты жүктеуде бұл дискетаның маңызы зор;

1.3.4 Linux-ты орнату барысында Lilo-ны дискінің негізгі бөліміне емес, бірінші секторға Linux-тың түбір каталогына орнату керек. Анықтық үшін айтып кетейік, Linux /dev/hda3 бөлімінің 1-ші секторына орналасады. Lilo-ны MBR-ге орнатсаңыз, Windows-тің MBR-н қалпына келтіруіңізге тура келеді. Сондықтан LILO –ны өз бөліміндегі 1- ші секторға орнатқан жөн;

1.3.5 инсталляция біткен соң Linux-ты жүктеуші дискета көмегімен жүктеңіз. Егер сіз Lilo-ны Linux-тың бөліміне орнатсаңыз және MBR-ге тиіспесеңіз, Linux-ты жүктейтін басқа мүмкіндігіңіз жоқ;

1.3.6 Linux-тың жүктеуші секторын файлға көшіріңіз. Ол Windows NT/2000 жүктеушісі Linux-ты жіберуі үшін керек. Ол үшін таза дискетада монтировка жасау керек. 1.3.7 Мысалы: [root]#mount-t vfat/dev/fdal/mnt/floppy жасап /mnt/floppy каталогына көшу керек. [root]#cd/mnt/floppy келесі команданы орындау керек:

[root]#dd if=/dev/hda3 of=/mnt/floppy/bootsect.Inx bs=512 count=1

бұл команда дискінің жүктелу секторын былай жазуға мүмкіндік береді:

/dev/hda3-ті /mnt/floppy/bootsect.Inx файлына жазады.

Айта кететін бір жайт, егер диск С:(/dev/hda1) Fat жүйесінде форматталса, онда бірден bootsect.Inx файлын түпкі каталогта құруға болады. Егер бірінші бөлім NTFS жүйесінде форматталған болса, онда дискетасыз жүктеу жүруі де, жүрмеуі де мүмкін.

1.3.8 Linux-та Windoows NT-ні жүктеу үшін мына команданы береміз: [root]#shutdown-h now

Негізгі жүктелуші жазба өзгермегендіктен Windows NT жүктелуі керек. Жүктелуден кейін /mot/floppy/bootsect.inx файлын С: түбір каталогының бөліміне көшіру керек, нақтырақ айтсақ Windows NT жүктелетін түбір каталогқа көшіру керек. Windows NT қалай орнатуыңызға байланысты ҒАТ16 немесе NTFS бөлімдері болуы мүмкін. Керек бөлімдерді білу үшін ntldr немесе boot.ini файлдарын тексеру керек. Бұл файлдар жасырын тұруы мүмкін. Bootsect.inx файлына read-only атрибутын меншіктеуге болады.

Читайте также:  Aarch64 linux gnu gdb

1.3.9 NT жүктелгеннен кейін boot.ini файлын тауып келесі жолға қосыңыз:

Компьютерді қайта жүктеп, Linux операциялық жүйесін таңдаймыз, сонда Linux–ты жүктейтін Lilo жіберіледі. Енді Lilo-ны дискінің негізгі жүктелу жолына орналастырған жағдайда қарастырамыз. Бұл жағдайда Windows NT жүктелу жазбасы өшіп қалады да, Windows NT-ні жүктеу мүмкін болмайды.

1.3.10 Егер сіз Lilo-ны емес NT Loader жүктеушісін қолдансаңыз, жоғарыдағы қадамдар былай болады: — жүктеуші дискетасынан Windows NT-ні жүктеңіз. Жүктеуші мәзірінен Recover командасын таңдап аласыз да, одан кейін Command mode режимін таңдаймыз. Сұраныс бойынша жүйенің администраторы ретінде тіркелесіз;

1.3.11 Дисктің негізгі жүктелу жазбасын қалпына келтіру керек. Бұл үшін fdisk/mbr командасын таңдап аласыз. Арнайы fixboot және fixmbr командалары бар. Көрсетілген нұсқау бойынша командаларды ретімен орындаңыз. Осыдай кейін Windows NT қайта дұрыс жүктеледі. — жүктеуші дискетадан Linux-ты жіберіп, администратор ретінде тіркеліңіз (root); — cd/etc командасын енгізіп, lilo.conf файлын ашамыз. Файл басында жүктелетін бөлімге сілтеме бар. Мысалы /dev/had;

1.3.12 Кез-келген редактор көмегімен, мысалы Midnight Commander-дің CoolЕdit редакторының көмегімен диск және бөлім мәнін Linux-тың түбір каталогы орналасқан диск және бөлім мәнін алмастырып жазу керек. Егер Linux /dev/hdcl бөлімінде орналасса, dev/had-ны dev/hdcl-ға алмастыру керек. Егер қай жерге орналастырғаныңыз есіңізде жоқ болса соңғы /etc/lilo.conf айнымалы файлында image айнымалысын табыңыз. Онда барлық мәндер сақталған.

1.3.13 /dev/hdcl бөлімге жүктеу жазбасын жазу үшін /etc/lilo командасын орындау керек. Бөлім дискте бірінші бөлім емес екендігі туралы хабарлама шығады. Бізге Windows 2000жүктелу жазбасы өзгермей қалғандығы керек.

1.3.14 Жоғарыда келтірілген алгоритмнің 6-8 қадамдарын орындаңыз. Екі қайта жүктеуі бар қадамдардың орындауымыздың себебі тек Linux-тың жүктелу секторын MBR-дан Linux-ке арналған бірінші бөлімге көшіру. Осымен орнату жұмысы (кезеңдері) аяқталады, яғни компьютер іске қосылып жүктеу этабында компьютерді басқаратын операциялық жүйені таңдап алу мүмкіндігіне ие болдық.

1 Операциялық жүйе дегеніміз не?

2 Операциялық жүйенің негізгі бөліктеріне не кіреді?

3 Ашық кодты операциялық жүйе ұғымын түсіндіріңіз.

4 Linux операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?

5 Recover командасының атқаратын қызметі қандай?

6 Дисктің негізгі жүктелу жазбасын қалпына келтіру командаларын атаңыз.

Источник

Оцените статью
Adblock
detector